Басты бет / Фильмдер / Цена выбора
Цена выбора NUR❤TV
Алматы NUR❤TV Алматы арна

Цена выбора

Кинопоиск: - IMDb: -
0

Баюдың амалы


Таңдау бағасы - адамды бағындыру әрекеттері арқылы адам психикасына әсер ететін діни ұйымдар туралы фильм. Мұндай ұйымдарды көп жағдайда басқаның есебінен баюды ойлайтындар құрады. Секта қатысушылары ұйымға кірген беттен ақшалай және моральды шығынға ұшырайды. Ақшамен шығындалу ештеңе етпес, бұзылған психика бәрінен де қауіпті. Психика бұзылған соң адамның отбасы да, өмірі де қалыпқа келмейді.Мұндай ұйымдардың басты термині - деструктивтілік, мейірімді адам кейпіне ену.

 

Секта құрбандары


Діни ұйымдардың құрығынан аман қалған адамдар өз оқиғаларымен бөліседі. Мария құдайды танығысы келген соң оған бәрін үйретеміз деп уәде берген ұйымға енеді. Оны құрметпен және үлкен махаббатпен күтіп алған соң, оларға деген күмән мүлде қалған жоқ. Алайда, көп ұзамай әйелдің көңілі қалды. Алдымен күн сайын, кейін апта сайын ақша жинауға тура келді. Ал секта басшылары жиналған ақшаны өз пайдаларына жаратып жібереді. Мұның барлығын Таңдау бағасы фильмңнің бас кейіпкері айтып береді.

Уәде мен шынайы өмір


Сектаның басы-қасында жүргендер қарапайым халықты дінмен арбау үшін түрлі айлаға барады. Өйткені, байыған сайын олар түрлі айла ойлап табады. Сектаға келген адамды махаббат пен қуанышқа сендіру арқылы олар өз бағасын одан әрі көтеріп, көп ақша сұрай бастайды. Бұл айланың бұрыннан белгілі екеніне қарамастан, сектаға келушілер ойланбастан құрыққа түсіп қалады. Ереже бойынша, секта мүшелерінен жиналған ақша мен шығындар ресми түрде тіркелмейді. Жүздеген адам сектаның құрбаны болса да, олардың қызметі күн санап қанат жаюда. Таңдау бағасы фильмінде біз бұрынғы секта мүшелерімен танысамыз.

 

ПОДРОБНЕЕ
Қарауға ұсынамыз
Кіру

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау