Басты бет / Фильмдер / Язык как хранитель кода нации
Язык как хранитель кода нации NUR❤TV
Алматы NUR❤TV Алматы арна

Язык как хранитель кода нации

Кинопоиск: - IMDb: -
0

 

Тіл кедергілері


“Қанекей, тілім сөйлеші” фильм қазақ тілінің дамуына мен осы жолда кездесетін қиындықтарға арналған. Британдық ғалымдардың мәліметінше, әлем тілдерінің 40 пайызы жоғалып кетудің алдында тұр. Әр екі апта сайын бір тіл жойылады, ал көптеген тілдер Қызыл кітапқа енгізілген. Мұндай қасіретті жағдайдың орын алуына жаһандану мен эмиграция әсер етуде: адамдар туған жерлерін тастап, өзге, баршаға ортақ, жұмысқа қажетті тілдерді меңгере бастайды. Мәселен, Ресей аумағында 60-қа жуық тіл орыс тілінің әсерімен қолданыстан шықты. Ағылшын тілінің үстемдігі де осындай жайттардың қайталануына әкелуде.

Мемлекеттік тілдер


Әлемде жеті мыңға жуық тіл бар, алайда, мемлекеттік тіл мәртебесін алғандар саны екі жүз ғана. Осылардың ішінде қазақ тілі де бар. Жаһандану қазақ тілінің қолданыс аясын да тарылта бастады, сол себепті, мамандар оқиғаны бағамдай келе, тәуекел факторларын анықтады. Ғалымдар қазақ тілінің мықты және әлсіз тұстарын анықтады. Бұл туралы біз “Қанекей, тілім сөйлеші” онлайн фильмінен көре аламыз. Бұл ежелгі тіл түркілер тобына жатады және әлі күнге дейін санскрит сөздері сақталған. Соңғы бес мың жылдан бері түркі тілдері айтарлықтай өзгерген жоқ.

 

Кедергілер мен қауіптер


Қазақ тілі көптеген қиындықтарға ұшырады. Әсіресе, туған тіл тарихындағы кеңес заманының алар орны ерекше. Сталиндік репрессия кезінде ұлт зиялыларының барлығы атылып кетті, олардың ішінде лингвистер де бар. Елді тұтастай орыстандыру саясатының салдарынан Қазақстан орыс тіліне өтуге мәжбүр болды. Ал оры тілі білім мен ғылымның тіліне айналды. Еліміздегі кітаптар мен көптеген телебағдарламалардың 95 пайызы орын тілінде жарық көрді. Тек Тәуелсіздік алған соң ғана қазақ тілінің тынысы кеңейе бастады. Егемендік жылдарынан бастап қазақ тілінің қалпына келу процесі басталды. Бұл процеске қазір де қолдау керек. Мұны қалай жүзеге асыру керектігін мамандар “Қанекей, тілім, сөйлеші” фильмінде айтады.

ПОДРОБНЕЕ
Кіру

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау