Басты бет / ТВ-шоу / Балаларға / Балалар шоуы

Біздің заманымызда ақпарат ағыны өте көп. Біз балаларымызбен бірге түрлі дереккөздер ұсынатын ақпаратты қабылдаймыз. Осы орайда, ақпараттың маңызды әрі дұрыс екенін анықтау ата-аналар үшін қиынға соғатыны сөзсіз. Өйткені, “біз өзіміз көретін нәрселерден құраламыз” деген тенденция басымдық алып келеді.


Сіздің балаларыңызға арналған ең үздік шоулар - НурТВ-да

Біз балаларға ең үздік, сапалы таңдау жасау керектігін жақсы түсінеміз. Сол үшін жұмысымызға үлкен жауапкершілікпен қараймыз. NUR TV арнасында сіздің балаларыңызға арналған қауіпсіз бағдарламалар жиналған. Сіз еш күмәнсіз, қайтадан тексермей-ақ, балаңыздың жақсы шоулар көріп отырғанына сенсеңіз болады.


Кез келген талғам мен жас ерекшелігіне арналған балалар бағдарламасы

Біздің порталымыздан сіз балаңызға арналға ойын-сауықтық, танымдық, ағартушылық бағыттағы қызықты телешоуларды таба аласыз. Балаңызбен бірге сүйікті бағдарламаңызды тамашалап, кейін осы тақырып төңірегінде әңгіме қозғап, сұраққа жауап алып, талқылап,  ой бөліскен керемет емес пе?! Бұл барша жанұя мүшелерін біріктіреді!

Біздің  парақшамыздан сіз кез келген талғамға арналған балалар шоуын таба аласыз. Егер сіздің балаңыз география немесе тарихқа әуес болса, танымдық бағдарламалар бөліміне кіріп, оның жасына сай қызықты бағдарлама тауып беріңіз. Ал егер жай ғана ойын-сауықтық бағдарламаны керек етсеңіз, жаныңыз қалайтын шоуды арнайы бөлімнен оңай табасыз!


Балаларға арналған ұлттық телебағдарламалар


Бізде балаларға арналған қазақ тіліндегі бағдарламалар мен Қазақстан туралы мәліметтер көп. Өйткені, балаларды кішкентай кезінен бастап туған тілі мен туған жерін құрметтеуге үйрету -  басты мақсат! Ал егер мұны тартымды балалар шоуының форматында жүзеге асыратын болсақ, бұл ең сәтті әрі сенімді тәсіл болмақ.

Сонымен, біздің ресурсымызда сіз балаларыңызбен бірге уақытыңызды қызықты әрі пайдалы етіп өткізе аласыз. Балалар бағдарламасын онлайн түрде тамашалаудан бөлек, біздің парақшамыздан қызықты мультик немесе басқа да шоуларды қосып беріп, уақыт  үнемдеп, өзіңізге көңіл бөлсеңіз болады!

Ары қарай оқу
Кіру

Тіркелу жаңа профильді

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау

Тіркелу

бар профильге

Әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау