Басты бет / ТВ-шоу / Дара жол
канал
0

Бөлісу:

Дара жол

Рейтинг: 0 КиноПоиск 0 IMDb
Жыл: 2017 Ел: Казахстан

 

Танымал есімдер


Дара жол - Қазақстан Республикасы тарихында есімі қалатын, түрлі саладағы еңбек сіңірген қайраткерлер туралы жоба. Бағдарламаның әр саны бір кейіпкерге арналып, оның өмірі туралы өз аузынан еститін боламыз. Оған қоса, бағдарлама қонағының туыстары мен жақындары да ол туралы айтып, мұрағаттағы мәліметтер мен суреттер көрсетіледі. Жүргізуші Дана Нұржігіт келген кейіпкерді жан-жақты танытуға тырысып, оың тарихын толықтай жеткізуге талпынады. Оған қонақтың туыстарынан бөлек ұстаздары, қызметтес достары мен басқа да таныстары көмектеседі.

Өмірден алынған оқиғалар


Дара жол қонағы ретінде танымал қайраткер, суретші Еркін Нұразхан келеді. Қазір ол өнер мұржайы басшысының орынбасары қызметін атқарады. Бірақ оның шығармашылық жолы өте ұзақ және әралуан. Еркін өз өміріндегі қызықты сәттерді жымия еске алып, суретшілік өнердегі алғашқы қадамдары туралы айтып берді. Ол танымал карикатурашы, еңбек сіңірген суретші атанды. Сондықтан жетістікке жеткен және қиындыққа тап болған кездерімен бөлісе алады. Мұндай тұлғаның сұхбаты көрерменнің барлығына өте қызықты болары сөзсіз.

Актерлік құпиялар


Дара жолдың әрбір қонағы өз естеліктерімен қуана бөлісіп, жақындары мен туыстары туралы айтып береді. Актриса Алмахан Кенжебекова да сахнаға алғаш шыққан сәтінен бастап, Қазақстанның еңбек сіңірген актрисасы атанғанға дейін ұзақ жолдармен жүріп өтті. Оның өнерін халық сүйеді, әртістер үлгі алады. Кейіпкер бұл мамандыққа қалай келгенін, жетістікке жету жолын айтып береді. Студия қонақтары қарапайым оқиғаларды айтып отырса да, экраннан көрсетуге тұрарлық жетістігі бар  шығармашылық адамдары болып табылады.

Рекомендуем посмотреть

Біз әлеуметтік желілерде