Басты бет / Фильмдер / Сектор Хаоса
канал

Бөлісу:

Сектор Хаоса

Рейтинг: - КиноПоиск - IMDb
Жыл: 2018 Ел: Қазақ

Діни секталар

Хаос секторы  - адамзат өміріне қауіп төндіретін секталар туралы деректі фильм. Мамандардың пікірінше, әлемдегі мұндай секталар саны бірнеше жүзден басталып, бірнеше мыңға жетуі мүмкін. Мұндай топтар адамдарды өз ұлты мен дініне қарсы қойып, ұлттық құндылыққа қарсы келетін өз мүдделерін насихаттайды. Бұл насихатқа сеніп қалған мыңдаған адам бүгінде тағдыр тәлкегіне ұшырауда. Әрбір сектада әкенің құдайдың, мессияның рөлін атқаратын көшбасшылары бар. Ол өз қарамағындағы адамдарға тікелей әсер етеді.

Өз дінін құрғандар


Көптеген секталардың көшбасысы үшін дін билік пен байлықтың көзіне ацналды. Өз діндерін құру арқылы олар халықтың мойнына мініп, мал жинай бастады. Біреулер үшін бұл таптырмас байлық көзі болса, басқалар сектаға кіремін деп отбасын тақырға отырғызып жатады. “Хаос секторы” онлайн фильмі арқылы біз адамның діни сенімін жаулап, ақша табатындар туралы білеміз. Мұндай ұйымға кірмес бұрын, барлық ақпаратты ой елегінен өткізіп, баршаға ортақ дәстүрлі құндылықтарды ұмытпаған жөн.

Алдау мен адасу


Көптеген ұйымдастырушылар халықты сендіру үшін киелі кітаптан мысалдар алып, құдай өсиетін тілге тиек етіп, жалған сөздер арқылы адам санасын улайды. Мұндай әдістер бұқараны бірден сендіреді. Әрбір сектаның өз қағидалары мен ғұрыптары бар, бұлар адам өміріне тікелей қауіп төндіруі мүмкін. Ереже бойынша, жастар мен қарияларға әсер ету оңайырақ, сондықтан, сектанттар осы тап өкілдерін нысанаға алады. Олар халықты жаппай өз сектасына қосылуға үндеп, адамдарды түрлі сезімдері арқылы алдайды. “Хаос секторы” фильмінде көптеген күмәнді сұрақтарға жауап алынып, көрермендерге секта туралы шындық айтылады

Біз әлеуметтік желілерде